Гүл

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

ары бетіне түсіру, қиып алу
Орау әдісімен ортаңғы күлтені дайындау
Гүл күлтесіне желім жағып, екінші күлтені қиыстыра жабыстыру.
Жапырақтың өзектерін сызып қайшымен қиып тастау
Дайын болған гүлдерге бояу мен өңдеу жұмыстарын жүргізу.
Дайын гүл шоқтарынан негізгі астар бетіне композияция құрастыру.
Жұмыстың жаңашылдығы: жарамсыз былғарыны пайдалана отырып жасаған панно көзге өте тартымды көрінеді және жасалу технологиясы жеңіл, кез – келген оқушының мектеп шеберханасында, үйде жасауға мүмкіндігі қарастырылған.
Күтілетін нәтиже: алдағы уақытта былғарыдан панно жасапқана қоймай, паннодағы әдемі гүлдерді киімдерге сәндік әшекей ретінде және аксессуар бұйымдарына пайдалану арқылы, жасөспірімдердің қолөнер бұйымдарына деген сұранысы артқанын көру.
4
Тері өндеу өнері
Үй жануарлары мен әр түрлі аңдардың терілерін өңдеу қазақ өмірінде ежелден маңызды орын алып келеді. Мал терілерін илеп, бояп, өң беру ертеден келе жатқан, ең жақсы дамыған және жетілген өнер.
Қазақ шеберлерінің ішінде ел арасында тұрып, тері илеуді кәсіп еткендері аз емес. Тері қолөнер бұйымдарының ішінде айырбасталмайтын шикізатқа айналды. Тері деп мал мен аң, құстан сойылып алынған шылғи теріні айтса, былғары – сол теріні өңдеу арқылы тұрмыстық қажеттілікке дайындалған шикізат.
Былғарының бірнеше түрлері бар.
Олар: көксауыр, опайке былғары, хром, көзел, шегірен, сақтиян, ұлтан.
Тері бұл әр түрлі өрнек, бұйымдар жасау үшін созылмалы, икемге көнетін, жағымды материал, әрі бұл өте қызықты жұмыс. Ал бұл материалды қайдан алу керек? Оны үйдегі ескі қолданбайтын былғары етік, пальто, қолғап, сумка т. б. аламыз.
Әр түрлі бұйымдарды жасау үшін алдымен былғарына дайындаймыз.
Былғарымен жұмыс айтарлықтай көп еңбекті керек қылады. Дайын терід

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: