uot;Жыр - менің жалғыз тарланым, жанымды жырмен жалғадым" атты кешіміздің мақсаты батыр бабамыздың 150 жылдық мерейтойы еліміздің үш аймағында жалғасуда. Ол тарихта ұлт рухын тірілткен тұлға ретінде қалды. Осыған орай 11,10,9 сынып оқушылар арасында викториналық ойынның өткізілуі ұрпақтан-ұрпаққа Иманжүсіп есімі қалып, кейінгі шәкірттеріміз есте алып жүрсін дегіміз келеді.
Жарқырай көтерілді жыр күмбезің,
Сайраңдап көппен бірге жүрсің өзің.
Еріткен тас жүректі тыңдап жаулар,
Қолында ұрпағыңның жүрер сөзің.
(Алия мәнерлеп оқиды)
Жүргізуші : Ұлттық "Қазақстан" телеарнасында болған жаңалыққа көз салайық
Ал, қатысушыларымыз енді сұраққа кез берейік, сұрақты мұқият толық тыңдап алғаннан кейін ғана жауап береміз.
1. Иманжүсіптің әкесі Құтпан 17 жасынан бастап кімнің жасағында болған ? Кеңесарының жасағында болған
2. Атасы Тұрғанбай датқа тарихта Қоқан хандығы жайында не білесіңдер? Ал атасы Тұрғанбай датқа тарихта Қоқан хандығына қарсы азаттық күрестегі ерліктерімен ерекшеленді. Ол Қоқан хандығынан Түркістан жерлерін қайтарып алмақ болған шайқаста қаза табады. Тарихта бұл шайқас Шілік оқиғасы деген атпен белгілі.
3. Иманжүсіптің түр-тұлғасын атап беріңдерші? сидалау, қапсағай көрінді. Қолмен қойғандай иегіне ғана біткен селдірлеу ұзынша сақалы, жебелі мұрты көк бурыл , жанары таймаған үлкен көзді, сәл шолақтау қыр мұрынды, ат жақты ашаң қара сұр жүзді байсалды да ойлы тәрізді. Жырта қарыс салалы саусақтары жуан да сүйрік.
4. 1916 жылы "Қазақ" газетінде қандай мақала жарияланады? 1916 жылы "Қазақ" газетінде "Тұрғанбай және оның жоғалған ұлы" деген мақала жарияланып, онда 1913 жылдары Иманжүсіптің Шиелі жаққа сапарлап келгені айтылады.
Жүргізуші : 1916-жылғы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>