Жыр – менің жалғыз тарланым, жанымды жырмен жалғадым

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4

еткендерім,
Жаны жоқ жер жүзінде озбайтұғын - деп
Палуан, сазгер, ерлік пен намыс жыршысы, ақынның мерейтойына байланысты жоғары сыныптар арасында "Иманжүсіп - ұлт рухын тірілткен тұлға" атты шығармалар сайысы өтілді, сол үзіндіден оқытсақ. . .
Білімді ұрпақ өсіру арманыңыз ,
Балаларды әрдайым қолдадыңыз.
Қызметте абыройыңыз арта берсін,
Жасымай асқақ көңіл таса берсін -
дей келе әділқазыларға сөз береміз
Жүргізуші : Отаршылдық езгіге қарсы күресіп өткен Иманжүсіп болса - талантын туған елге бағыштап өткен нар тұлға. Тарихта болған және тарихи оқиғаларға қатысып, бел ортасында жүрген батыр тағдырын қарымды қаламгерлер, ақындар өз көркем туындыларына арқау етті. Иманжүсіп Құтпанұлының өмірі мен шығармашылығы, оның өзі өмір сүрген заманымен астастыра суреттеген шығармалардың қай-қайсысын алып қарасақ та, ел-жұртының болашағына алаңдаған қайсар ердің ерлігі мен азаматтығын танытады. Міне, өртеңге шыққан гүлдей Иманжүсіп сияқты ұлдарымызды әнші еткен өнерге деген махаббат, туған жерге деген сағыныш, соңғы демі жеткенше өз Отанының еркіндігі мен тәуелсіздігін аңсаған ақ жүрегі. Қазіргі жас-тарымыз осындай тұлғалардың мұраларын кейінгі ұрпаққа одан әрі жеткізе түседі деген үміттеміз.
Дүниеден өмірім бітіп, өтсем де өзім,
Аралап жердің жүзін жүрер сөзім!
"Көре алмай кейінгіні кеттім-ау!"-деп,
Арманда болмай-ақ қой, екі көзім!
дей келе әдеби кешімізді аяқталды, келесі кездескенше қош сау болыңыздар!




Страницы: <<  <  2 | 3 | 4
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: