Жыр алыбы - Жамбыл

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Жыр алыбы- Жамбыл.
Сабақтың мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру.
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету.
Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.
көрнекілігі: ақын портреті, ақын жазушылардың пікірі, буклеттер, ақын өлеңдерінен үзінділер,сурет, кітап көрмесі, Жамбыл әлемі фотосуреттер.
Кітапханашы :Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,
Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.
Тілекке көл аңсаған бүгін жеттің,
Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.
Халыққа үшін төрге төсеп төсек етер,
Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл.
Көтерген көкке төбе тірелгенше,
Иеді көпшілікке басын Жамбыл.
Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
Армысыңдар, ардақты ұстаздар мен оқушылар!
Заманына "ХХ ғасырдың Гомері" , жыр дүлділі, ғасыр ақыны, Жыр алыбы- Жамбыл Жабаевтың 172 жылдығына арналған тәрбие кешіне хош келдіңіздер! Бүгінгі қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Жамбыл ата өзіңнің үміт күткен ұрпақтарың сіз туралы ой толғап сыр шертеді.
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев 172 жасқа толып отыр. Осы мерейтойға арналған би шашу.
Сахнада 7 "Ә" сынып оқушыларының орындауында қазақ биі.
1-жүргізуші:Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе- мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу- сызуды білмесе, де жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әй

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: