Ұйымдасқан оқу әрекетінің технологиялық картасы
Бөлім: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Жыл мезгілдеріне саяхат.
Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін айтуға, көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға төселдіру. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу. Тілдерін дамытып, ой - өрісін кеңейту сөздік қорын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, грамматикалық тұрғыда дұрыс сөйлеуге, әңгімелеп айтуға, берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету, құстарға, ағаштарға, қамқор болуға еңбекшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,әңгімелеу, түсіндіру.
Көрнекіліктері: Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер. Плакат, гүл, аққала, спорттық ойындардың суреттері.
Әрекет кезеңі
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың әрекеті
Ынталандыру.
Сезімді ояту.
Балалар шаттың шеңберіне тұрады, бір-біріне әдемі күлкілерін сыйлайды. Балалар
Бігін күн қандай? Ендеше сол күн сияқты біз де жадырап, күліп, мына тақпақты айтайықшы.
Кел,балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді болып жүрейік!
Балалар дөңгелене тұрыады. Сұрақтарға жауап береді.
Тәрбиешімен бірге қайталайды.
Мотивациялық-
қозғаушы
Ұйымдастырушылық-ізденіс
Басты кезең.
Сәлеметсіздер ме балалар?
Бүгін бізде ерекше сабақ. Бізге қонақтар келіп отыр екен. Ал біз соларға білімдерімізді көрсетуіміз қажет. Ол үшін біз бүгін саяхатқа шығамыз. Әр түрлі аялдамаларға тоқтап, тапсырмалр орындаймыз. Алдымен мен сендерге сұрақтар қоямын. Сендер асықпай, ойланып жауап беріңдер.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Бір жылда неше мезгіл бар?
-Кім айтып шығады?
-Жақсы балалар, ендеше біз жыл мезгілдеріне саяхатымызды бастайық.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>