Жыл мезгілдеріне саяхат

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

Сендер саяхатқа немен шыққыларың келеді. Жарайды, вагондарға жайғасып отырайық. (тақтаға вагондары бар пойыздың суреті ілінеді)
1. Бірінші аялдамамыздың атын анықтау үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Шанамен зырлап келетін,
Шаңғы, коньки тебетін
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)
-Дұрыс айтасыңдар. Қыс мезгілі.
Біздің бірінші аялдамамыз, Қыс мезгілі.
-Қыста табиғат қалай өзгереді?
Қыс айларын ата.
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жыл да келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Ойын ойнату.
"Аққала жасау" ойынын ойнату. Қағаздан қиылған аққала бөлшектеріне тапсырмалар жазылған.
1 тапсырма. Жиырмаға дейін сана.
2 тапсырма. Әріптерді атап шық.
3 тапсырма. Тақпақ айту.
4 тапсырма. Қысқы ойындарды ата.
2. Келесі аялдамамызды анықтап алайық.
Бұлтты айдай желдеткен,
Нөсерлеткен, селдеткен.
Шалшық кешіп ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Көктем)
-Қандай құстар жылы жақтан ұшып келеді?
-Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер өседі. Бұл көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Олар: бәйшешек, қызғалдақ жауқазын. Бүгін біз де көктемнің бір гүлінің шығуына көмектесейік. Ол гүлдің аты жауқазын. Ол үшін біз осы гүлдердің күлше шапырақтарының арттарында берілген тапсырмаларды орындап, тақтаға жапсырамыз.
1 тапсырма. Көктем айларын ата.
2 тапсырма. Өз атыңды жаз.
3 тапсырма. Көктемде ұшып кететін құстарды ата.
Жақсы балалар гүліміз өте әдемі болып шықты.
Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,
Бетіме жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі
3. -Енді келесі үшінші аялдамамызды анықтап алайық.
Қойны толы жеміске
Көк майсалы еңіске,
Көбелек қуы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: