Тақырыбы: "Көліктер"
Мақсаты: Балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Көлік жайлы білімдерін қалыптастыру, аттарын, түрлерін ажыратуға үйрету.
Көрнекілігі: көлік түрлерінің суреттері, ойыншық машина түрлері, бағдаршам, слайд.
Сөздік жұмыс: машина, ұшақ, пойыз, қайық.
Билингвальды компонент: машина- машина-car, ұшақ- самолет-plane, пойыз-поезд- train, қайық- лодка- boat, көлік- транспорт.
Әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастырушы-ізденуші
Рефлексивтік-түзетуші
- Балалар сендер күннен күнге әдемі, ақылды болып өсіп келесіңдер. Сендер барлық жақсылықты бойларыңа сіңіріп Қазақстанның үлгілі азаматы болып өсулерің керек, солай ма?
- Олай болса бүгінгі ұйымдастырылған іс- әрекетімізді бастайық.
Жылулық шеңбер
-Сәлем, саған алтын күн!
-Сәлем, саған көк аспан!
-Сәлем, саған жер ана!
-Сәлем, саған достарым!
-Сәлеметсіздер ме, қонақтар.
- Балалар, қазір сендермен көлік деген сөздің төңірегінде әңгіме жүргіземіз, сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешеміз.
- Көлік дегеніміз не?
- Ол адамға неге қажет?
- Сендер балабақшаға қандай көлік түрлерімен келесіңдер?
- Ал енді, мен жұмбақ жасырамын.
Жұмбақтар
1. Тізбектелген көп үйлер,
Көшіп жүрген көк үйлер.
2. Құс сияқты құс емес,
Жүрсе де тым биікте.
Қақпайды бір қанатын
Жүрсе де тым биікте
3. Қос күрекпен еседі,
Су көлігі деседі.
4. Жүргізуші жүргізеді,
Төрт аяқты батырды.
- Балалар, мына суреттерге қараңдаршы. Көліктердің қандай түрлері болады?
Әңгіме: &quo
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>