Құрманқұлова Ә. А. 
қазақ тілі мұғалімі
"Петушок" бөбекжай - бақшасы
Петропавл қаласы
Ересектер тобында ұйымдастырылған іс-әрекеттің
 технологиялық картасы
 
Білім беру саласы: "Коммуникация"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: "Қазақ тілі"
Тақырыбы: "Жомарт күздің сыйлығы"
Мақсаты: Балаларды көкөністер мен жемістерді жалпы сипаттай білуге жаттықтыру, сөйлем құруда сын есімдерді пайдалануға үйрету, сөздік қорларының белсенділігін арттыру, есте сақтау, ойлау, сезі қабілеттерін жетілдіру, еңбекке тәрбиелеу. 
Әдіс - тәсілдер: Түсінік беру, сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру, ойын 
Көрнекіліктер: муляждар, тірек сызба. 
Меңгерілетін сөздер: домалақ, сопақ, ащы, тәтті, қыщқыл, дәмді, қатты, жұмсақ, пайдалы. 
Әрекет кезеңдері
 Әрекет барысы
 Мұғалімнің іс-әрекеті
 Балалардың 
 іс- әрекеті 
Мотивация-лық 
қозғаушы
Амандасу шеңбері
Арайлап атты алтын күн,
Шашып бізге шапағын. 
Тілейміз сізге ақ таңның,
Қуанышын шаттығын. 
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Қуанышты күн бүгін!
Көңіл - күйлерін сұраймын
-Балалар, бүгін біз сендермен бау-бақшаға барып, қысқы азық жинауға барамыз. Есімізге түсірейікші, бауда не өседі, бақшада не өседі?
Бәрі бірге дұрыс, әрі анық айтады. 
Сұрақтарға жауап береді. 
Естеріне түсіріп айтады. 
Іздену ұйымдасты -рушысы
Тіл дамыту
 
Фонетика-лық жаттығу
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
