Жомарт екен күз деген

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


ШҚО Уржар ауданы
"Алтыншоқы орта мектеп - бақшасы" КММ - сі
"Балбөбек" балабақшасының
Тәрбиеші : Шакенова Майра Оразбекқызы





Жомарт екен күз деген. . .

Ертеңгілік сценариі







Тәрбиеші:Шакенова Майра Оразбекқызы




ШҚО Уржар ауданы
"Алтыншоқы орта мектеп - бақшасы" КММ - сі
"Балбөбек" балабақшасының
Тәрбиеші : Шакенова Майра Оразбекқызы

Жомарт екен күз деген. . .
Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, балалар!
Ел байлығын арттырған мерекелі, берекелі күз мезгілі келді.
Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлады. Олай болса "Балдырған тобының" "Жомарт екен күз деген" тақырыбындағы мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.
Тәрбиеші: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз,
Құстар қайтты күз болып,
Сұр бұлт жапты аспанды.
Жапырақ түсіп, гүл солып,
Қыс қызығы басталды.
Ән салыңдар келіңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Келіңдер күз тойын тойлайық,
Би билейік ойнайық.
Тәтбиеші:
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар жауабы: Күз мезгілі.
Күз мезгілінде неше ай бар?
Балалар жауабы: Күз мезгілінде үш ай бар.
Ендеше күз мезгілін атап беріңдер?
Балалар жауабы: Қыркүйек, Қазан , Қараша.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар өте жақсы.
Енді балалар мына бір өлең жолдарын тыңдап, сұрақтарға жауап беріңдер.
Бұлттар төніп,
Ызғар сеуіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұрғылт тартады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: