Бөбектерім!Айтыңдаршы!
Бұл қай кезде болады?
Балалар жауабы: Күз мезгілінде
Тәрбиеші:Өрік, алма, шие, алша
Жидек, жүзім піседі.
Қауын,қарбыз, қияр, сәбіз,
Дүкендерге түседі
Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім! Айтыңдаршы!
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Күз мезгілінде.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар күз мезгілі туралы көп біледі екенсіңдер. Біздің ертеңгілігіміді тамашалауға "Алтын күз" келе жатыр,қарсы алайық
Ғажайып сәт: "Алтын күз" келеді
Алтын күз: Сәлеметсіңдер ме балалар?
Балалар: Сәлеметсіз бе? "Алтын күз"
Алтын күз:Балалар сендер менің "алтын күз" екенімді қайдан білдіңдер?
Балалар: Жапырақтарыңның сарғайғанынан
Тәрбиеші:Балалар "Алтын күзді" әдемі әнмен қарсы алайық
Ән: Күзге сәлем
Әні, сөзін жазған А. Еспенбетова
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар "Жомарт екен күз деген"атты ертеңгілігіне арнап жаттаған тақпақтарыңды айтып беріңдер
Нұрдәлет: Дәнге толып қызыл қырман,
Қырман басы қызыл думан.
Мөлдіретіп жүзімдерін,
Келді алтын күзім менің,
Молшылық күз, береке күз,
Береке күз мерекеміз.
Төлеген: Нан атасы бидаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде
Қауызыма сыймаймын.
Харун: Күміс мұртты арпамын,
Ырыс құтты арпамын.
Еңбек етіп баптаған,
Еліме сый тартамын.
Шыңғыс:Бақшада биік,
Күнбағыс өсті.
Күн нұрын сүйіп,
Құлпыра түсті.
Күндіз кеп көрсең,
Әдемі көркі.
Басында әсем сапсары бөркі.
Нұрхан: Ақ, қарамын, сарымын,
Мен өнімді тарымын,
Халқым еңбек сіңірсе,
Қайтарамыз қарыммым.
Инабат: Күнді сүйген күрішпін,
Күллі жұртқа ырыспын.
Алсын деп ел
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>