Жолда жүру ережелерінің шығу тарихы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

, қайта толықтырылып, әбден күшейтілгенімен, дәл сол кездегідей қатал емес еді.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, әр елдің өз заңы, өзі ережесі болуы қажет еді. Соған орай, Қазақстан Республикасының жолда жүру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді халықаралық жолда жүру Конвенциясының талабына сай келтіру қажет болды. Алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйене отырып, Қазақстан Республикасының "Жолда жүру қауіпсіздігі туралы" заң қабылданды. Сонан кейін Қазақстан Республикасының үкіметі 1997 жылғы 25 қарашада "Қазақстан Республикасының жолда жүру ережелерін" бекіту туралы қаулы қабылдады. Ол 1998 жылдың 1-қаңтарынан күшіне енді. Бүгінде ол тәуелсіз еліміздің қолданыстағы жолда жүру ережелері.
Автокөліктер жолы сан қилы. Бағыты да әр түрлі. Жолда жүретін жүргізушілерде есеп жоқ. Көлік мінген адамдардың көптігін санап тауыса алмайсың. Толассыз, тоқтаусыз жүріп жатқан жүргізушілер бір ауылдың, бір ұлттың адамдары емес қой. Олар өзара бірін-бірі қалай түсінеді?
Міне, осы тұста жолдағы мың сан жүргізушілерге өзара тіл табысу үшін көмекке келетін жүріс-тұрысына бағыт сілтейтін - жол белгілері. Қазақстан, Өзбекстан, Рсей,Франция, Италия, Германия, Венгрия, Румыния мен Австрияда . . . сапарға шыққан жүргізушілер жол белгілерін көріп, қандай бағытта қалай жүру керектігін біледі. Адаспайды. Жүрген жердің тілін білудің қажеті жоқ. Жол белгілері "халықаралық тіл" болғандықтан, оның суретіне қарап өз бағытыңды тауып аласың.
Жолда жүру халықаралық Конвенциясына кірген елдердің қай-қайсысының жолдарында қазақ, орыс, неміс, украин, өзбек, қырғыз т. б. басқа сан ұлттың өкілдері жүре алады.
Жүргізушілердің білім дәрежесі, шеберлігі, тәжірибесі күн санап жоғарылап келеді. Соның өзінде жолда жүру ережелерін бұзат

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: