"Қостанай қаласы әкімдігінің Білім бөлімінің Қостанай қаласы әкімдігінің 13 бөбекжай-бақшасы" МКҚК
Жол жүру ережесі бойынша
дидактикалық ойындар.
Қостанай
Балаларға жол ережесін үйретейік!
Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі - ең басты байлық . Сондықтан біздің балабақшада жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөліміз. Статистика бойынша, өкінішке орай , жол апаттары көптеп болуда. Соның ішінде балалардың жол апатына душар болуы жоғары көрсеткішті көрсетеді.
Сол себепті балалардың өмірінің қауіпсіздігі дағдыларын балабақша кезеңінде қалыптастыру қажет. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбірулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Балаларға жолда жүру заңын тәрбиешілер мен ата - аналар үйренеді. Балалар үлкендердің жүріс-тұрысының жақсы жағын да, жаман жағын да қабылдайды. Көп жағдайда балалар жолда жарақат алып, түрлі жағдайға ұшырап жататыны көлік жүргізушілерінің ғана кінәсінен емес, ол көбінесе балалардың жол жүру ережесін білмегендіктен болады. Балаларға жолда жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс-тұрысын қадағалап, балаларды көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру әрбір ата-ананың міндеті.
Біздің бала
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>