анға, жерге, қару-жараққа байланысты тыйымдар мен ырымдарға кезек берейік.
1-окушы: Саусақты, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды, бұл әдепсіздік белгісі.
Екі қолды төбеге қойып отыруға болмайды, бұл басына қайгы-қасірет тускен адам ғана екі қолын төбесіне қойып отырады.
2-окушы: Біреуге қарап ерін шығаруға, үлкен адамның алдында аяқты созып отыруға, адамға қарай түшкіруге, түкіруге, үлкен кісінің жолын кесіп өту - зе болмайды, бул қылықтардың бәрі де әдепсіздік.
3-окушы: Кемтар адамга күлуге бол - майды. Кемтар адамға қарап күлсең, өз басыңа келеді.
4-оқушы: Пышақ қауіпті зат болғандықтан, онымен ойнауға, жүзін жалауға, адамға кезенуге болмайды. Сол себепті де оны сыйға бермейді және сұрап, қалап алмайды.
5-окушы: Тойға немесе асқа қымыз әкелген сабаны біржолата сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір ожау болса да қымыз қалу керек.
6-оқушы: Сауылған сүттің бетін ашып қоюға болмайды. Беті ашық қалса, шаң-тозаң немесе улы жәндіктер түсіп кетіп, сүтті бүлдіреді.
7-окушы: Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтан да дастарқанға алдымен нан қойылады.
Жерде жатқан нан болса, алып, адам баспайтын жерге қою керек.
8-окушы: Нанды төңкеріп қоюға бол - майды. Нан - қасиетті дәм. Онымен ойнауға болмайды. Кемтар адам ғана нанды бір қолмен сындырады.
9-оқушы: Қолды жумай тамақ жеуге болмайды. Тамақ жеудің алдында және соңында қонақтардың қолына жылы су құйылады.
10-оқушы: "Нан қатты екен", "шала піскен", "күйіп кеткен" т. б. сөздерді айтып, нанды, тамақты сынамайды. Нанды, тамақты сынау - ашаршылықты шақыратын жаман ырым.
11-оқушы: Дастарқан басында мағынасыз әңгімелер айтуға болмайды. Тамақтану кезінде әрбір ад
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>