өмірлік қағидасын қадір тұтуға үйретеді.
Халық термесі:
Біріншіден не жаман ?
Ұрлап жиған мал жаман.
Екіншіден, не жаман ?
Еркелеп өскен қыз жаман.
Үшіншіден, не жаман ?
Үлгісіз пішкен тон жаман.
Бәрін айт та бірін айт,
Бәрінен де, - ей,
жоқ жаман, жоқ жаман.
II бөлім. Айтыс.
Айтыс - атауы "айтысу" деген сөзден шыққан. Ол өлең сөзбен жа-рысу, сайысу, дауласу, тартысу, сынасу мағынасында қолданылады. Хал-қымыз үлкен жиын-тойларда бір-біріне өлең түрінде тез жауап қайтаратын сөз жарысын ұйымдастырған. Кейінірек келе ол жарыс өнер жарысына, айтысқа айналған. Айтыстың бірнеше түрі бар, солардың бірі: Құлманбет пен Жамбылдың айтысы.
Құлманбеттің айтқаны:
Құлманбет менің атым, құлан аяқ,
Менің құлан екенім Тәңірге аян.
Албан, Дулат жиылып бата берсе,
Кеңес айтып жырлайын етіп баян
Біреуді Жамбыл деген ел мақтайды.
Еркек қойдай құйрығын салмақтайды.
Ақын болса қайда отыр ол немесі
Көрелік оны неге ардақтайды.
Жамбылдың айтқаны:
Шүу десе, жүйрік озар мынау жолдан,
Демей көр, есікті аруақ, алып қолдан!
Қарасай, дем бере гөр, менің бабам,
Сөйлейін будақтатып оң мен солдан.
Құлманбет сен жақсы да, мен жаман ба,
Ақын да сен жүйрік те, мен шабан ба ?!
"Қарасайлап!" қосылам бір бүйірден,
Ақырында кетерсің бас аманға!. .
III бөлім. Ырым-тыйымдар.
Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының тыйымдары мен ырымдары, наным - сенімдерінің алатын орны ерекше. Өйткені оларда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесі сақ-талған, ұлттық рухани байлықтың қайнар көзі мен мүмкіндігі көрініс тапқан. Енді адамның іс-әрекетіне, сүт тағадамдарына, н
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>