Жұлдызды сәт
Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, та-рихы мен өнерін қастерлеп, халықтық салт-дәстүрлерді аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: нақыл сөздер жазылған плакаттар, жұлдызшалар.
Мұгалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар бүгін сіздер 3-сы-нып оқушылары даярлаған "Жұлдызды сәт" деген тәрбие сағатын керіп тамашалайсыздар. Бүл негізінен ана тілі, ән-саз сабақтары бойынша алынып, жарыс түрінде өтіледі.
1. Терме. 2. Айтыс. 3. Ырымдар, тыйымдар.
Осы бөлімдердің бәріне дерлік бабаларымыздың бізге, кейінгі ұрпаққа айтып кеткен өсиеттері, өнегелі, өшпейтін, өлмейтін мұралары айтылады. Қазақта артында асыл мұра, өлмейтін сөз қалдырған ақындар, жыршылар, термешілер, суырып салма ай - тыс ақындары аз емес. Келер ұрпаққа үлгі, онеге болатын сөздерін асыл мұраларын сөз, өлең арқылы артына тастап кеткен аталарымыз Ыбырай, Абай, Сәкен, Мағжан, Базар жырау, Бұхар жырау, Нұртуған т. б. Олар қазақ даласының мәңгі сөнбейтін жарық жұлдыздары. Енді бүгінгі сабақта сол аталарымыздың өсиетін кейінгі ұрпақ қаншалықты орындап, бойына сіңіріп жатқанын көрейік. Сондықтан бүгінгі тақырыбымызды "Жұлдызды сәт" деп қойдық.
Тақтаға ілінген өнер-білім туралы нақыл сөздермен таныстырып, мағы-насын түсіндіру.
Оқушылар екі топқа бөлінді. Әр топта 8 оқушыдан. Әр окушыға 3 тапсырма беріледі. Ең көп 3 жұлдызша алған оқушы бірінші орынды жеңіп алады. Қай топта жұлдызша көп болса, сол топ бірінші орынды жеңіп алады.
I бөлім. Терме (үзінділер).
Терме дегеніміз ақылы мен нақылы бар тақпақ сазды әуен. Терме - қазақ поэзиясының және вокалды ән музыкасының жанры. Терме балаларды ата-бабасының өсиетін,
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>