9)
Тәрбиеші: Балалар міне сендердің көмектерің арқаларыңда біз екінші лақытда құтқардық.
ІІІ-тапсырма: Сандар жыры (сандар туралы тақпақтар)
Аділ: Мені келсе білгің
Мен таяқша бірмін
Сандарға жол бастап
Ең бірінші тұрмын.
Ақмарал: Бірден кейін тұрамын
Бірден кейін тұрағым
Бірді бірге қосқанда
Мен шығамын қарағым
Сұлухан: Екіден соң әрқашан
Үшінші мен тұрамын
Қағазға сызып түсірсең
Екі ирек саламын
Қайсар: 3 қашанда тақ саны
Жұп болғанға не жетсін
Төрт дегенің баяғы
Төрт түліктің аяғы.
Ернұр: Төрттен кейін бесті
Білу оңай десті
Төртеуін бүгіп санасаң
Табасың оңай бесті
Аружан: "Алақай!" дер келді күн,
Алтыдамын мен бүгін.
Алты жасқа келмекші,
Алғы аптада енді кім?!
Санжар: Жазда шөпті шабар,
Қыста тыныш табар.
Шалғы бар әр үйде,
Жетіге ұқсас бәріде.
Рахматулла: Сен де, мен де баламыз,
Сегіз санын саламыз.
Сегіз деген екі төрт,
Сегіз жаста ағамыз.
Палина: Рет-ретімен санасақ,
Тоғыз саны домалап,
Сегізден кейін келеді.
Жіңішке таяқ тірегі.
Айым. Он, білесің, басы ашық
Тоғыздан кейін келеді.
Саусақтарды санап шық,
Есебін сол береді!
Тәрбиеші: Міне біз үшінші лақтыда құтқардық, ендеше шамалы бойымызды жазып сергіп алайық.
Сергіту сәті: Ал, балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Оңға,оңға түзу тұр!
Солға,солға түзу тұр!
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар сергіп алсақ ендігі тапсырмаларды үстел-. үстінде орындаймыз, келе қойыңыздар.
ІV-тапсырма: Санға сәйкес суретті
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>