Ә. Назарбаев туралы әңгімеге тартамыз. Сол күні спорт нұсқаушылары ұлттық ойындарды өткізіп, балалардың көңілін көтереді.
Екінші мереке - Наурыз. Наурыз мерекесі - әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында 5 мың жыл бойы тойланып келеді. Бұрын қариялар 22наурызды "Қызылбастың Наурызы" дейді екен. Қазақтар халқы наурыз демей, Амал деген. Наурыздың басты тағамы - Наурыз көже. Осы да тағы да басқа қызықты мәліметтермен балаларды таныстырамыз. Мереке өте қызықты өтеді. Балалар бір музыкалық залда отырып жалықпайды. Мереке алдында орталықтар анықталып, оларға жауаптылар тағайындалады. Бізде келесі орталықтар жұмыс істейді. Ұлттық ойындар орталығы, қолөнер орталығы, салт - дәстүрлер орталығы, шығармашылық орталығы. Орталықтар жұмыстарын бір мезгілде бастайды. Балалар ширетпен орталықтарға келіп, талай қызықтарға кенеледі. "Ұлттық ойындар" орталығында ойындар ойнап, "Қолөнер" орталығына келіп интерактивті тақта арқылы білімдер алып, ыдыс - аяқтармен, зергерлік бұйымдармен, тұрмыстық жабдықтармен танысады. Өздері текемет құрастырып, ою - өрнектерді ажыратады. Ол тәрбиешілердің еңбегі. "Салт - дәстүрлер" орталығына келіп амандасуды, арнайы даярлаған дәстүрді тамашалайды. Содан шығып даярлық, ересектер, ортаңғы топ балалар ы "Шығармашылық" ортаға жетеді. Бұл жерде балалар өз өнерлерін ортаға салады. Бұл шара 40минутка жуық созылады, бірақ балалар жалықпайды. Осылай өткізген тиімді, қызықты деп есептейміз. Ең соңында мерекелік, естелік фотоға түсеміз.
Страницы: << < 6 | 7 | 8