Жемістер мен көкөністер әлемі

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>

, мәдениетіне құрмет, танымдылық таныту керек. Оның бәрі келіп қазақ тілі мұғалімдеріне тіреледі. Біз балабақшада болатын шараларда, ертеңгіліктерде қазақ тілінде тақпақтар жаттап, көріністер қоямыз. Жақында өткен "Алтын күз" атты мерекелерде бір топта болған көріністі көрсетеміз. "Көкөністер дауы", ересек тобының балалары. Сондай - ақ тағы екі үлкен мереке өткізу біздің жауапкершілігімізде. Олар: "Тәуелсіздік күні" және "Наурыз" мерекесі. Сол мерекелерді қалай өткізетінімізді айтып өтейін.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдан асты. Тәуелсіздікке тәу етіп жүрген тек біз ғана емес. Әлемнің қаншама мемлекеті осы күнге жету үшін талай белесті артта қалдырды. Сондықтан бүгінгі ұрпақ өз елдерінің азаттыққа жеткен күнін аса құрмет тұтып, дәл сол күнді тойлауға келгенде еш тартынып қалмайды. Ендеше бүгін біз сіздерге өз елімізден бөлек басқа да әлем жұртшылығы мемлекеттерінің басты мерекесі саналатын Тәуелсіздік күнін қалай тайлайтынызбен бөліспекпіз.
Бұрын ертеңгілік ретінде ғана өткізетінбіз, ал қазір 2-3 жыл төңірегінде мерекенің барысын өзгерттік. Тәрбиешілер топтарда балаларды келген мерекемен таныстырып, білімдерін кеңейтеді. Оған ата - аналары да ат салысады. Керек костюмдерін тауып,қажетті көмектерін көрсетеді. Содан кейін балалар қазақ тілі кабинетіне келіп, біздер даярлаған деректермен танысады. Мереке ересек топ балаларының орындауындағы мемлекеттік Гимннен басталады. Мерекеге байланысты көрмелер ұйымдастырылады. Өзіміздің қалада өндірілетін өнімдермен танысып, балалар өздерінің ата - анасы жұмыс істейтін салаларды атап өтеді. Қазақтың өткендегі өмірінен үзінділер көріп, киіз үймен оның жабдықтары туралы балаларға түсінікті тілмен құрастырылған әңгімелерді қызығушылықпен тыңдайды. Еліміздің Елбасы Н.

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: