Сабақтың тақырыбы: Жемістер мен көкөністер
Бөлім: «Тағам және сусын»
ПӘН: ҚАЗАҚ ТІЛІ (L2)МЕКТЕП: Глубокое орта мектебі
КҮНІ: 13. 06. 2016 1 сабақ- . . . . минутМұғалім: Жумагулова Л. А. , Жамаганова А. С.
СЫНЫП: 1ОҚУШЫ САНЫ: 12КЕЛМЕГЕНДЕР: 1
Сабақ қамтитын оқу мақсаттары Ж4 Берілген суретке (зат) қатысты сипаттау сөздерін жазу;
Т3 Хабарламаны тыңдау жəне мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сəйкес иллюстрация/заттық сурет/сызба таңдау;
Сабақ мақсаты Барлық оқушылар орындай алады
1. «Жемістер мен көкөністер» тақырыбы бойынша бейне жазбаны тыңдайды жəне мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, сəйкес суретті таңдайды;
2. «Жемістер мен көкөністер» тақырыбы бойынша берілген суретке қатысты сипаттау сөздерін жазады;
Оқушылардың көпшілігі орындай алады
1. Жемістер мен көкөністерді ажырата алады
2. «Жемістер мен көкөністер» тақырыбы бойынша берілген суретке қатысты сипаттау сөздеріндегі дауысты дыбыстарды ажыратады;
Кейбір оқушылар орындай алады:
1. Сурет бойынша мұғалімнің көмегімен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады;
2. Жемістер мен көкөністердің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын салыстырып жазады;
Тілдік мақсаттар
Оқушылар орындай алады:
Бейне жазба бойынша хабарламаның мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, сәйкес затты таңдайды;
Берілген суретке қатысты сипаттау сөздерін жазады;
Жемістер мен көкөністерді ажыратады.
Дауысты дыбыстарды ажыратып жазады.
Сөйлем мен сөз тіркестерін құрастырады.
Жемістер мен көкөністерді салыстырады;
ГлоссарийПәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Алма, алмұрт, жүзім, сәбіз, картоп, өрік,бұрыш, қызыл,дәмді,сары, жұмсақ,жасыл,пайдалы, тәтті, ащы, дәмді,қышқыл, ұнайды, пісе
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>