Желілік операциялық жүйемен жұмыс

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

йлды тек оқуға, яғни өзгертуге рұқсат берілмейді. Осыған орай файлдық қызмет ену құқығын шектейтін механизмді ұсынады.
Windows XP-де клиенттерге саны шектелмеген кез-келген қаптамаларға (каталогтар) ену мүмкіндігін ұсынуға болады. Сонымен қатар әрбір қаптама бірегей атқа ие және ол ресурс деп аталады.
Әрбір ресурсқа ену режимі анықталған:
Тек оқу – ақпаратты оқуға болады, бірақ оны өзгертуге болмайды;
Толық еркін ену мүмкіндігі – ақпаратты оқуға да, өзгертуге де болады;
Парольмен ену мүмкіндігі – берілген ресурспен жұмыс жасау үшін парольді білу қажет.
Баспаға шығару қызметі
Кей жағдайда барлық компьютерлерді жеке принтерлермен қамтамасыз ету қиындыққа түседі. Ондайда желіден арнайы бір компьютер принтерге қосылып, ол желідегі қалған клиенттердің барлық құжаттарын баспаға шығаруды қамтамасыз етеді.
Баспаға шығару клиенті мен сервері Windows операциялық жүйесінде қамтылған және баптауды қажет етеді. Ол үшін сервердегі принтерге ортақ ену мүмкіндігін орнату керек:
Пуск менюіндегі Принтеры и факсы командасын таңдау;
Қажетті принтер түрін таңдау;
Файл менюінен Ортақ ену (Общий доступ) пунктін таңдау және Берілген принтерге ортақ ену мүмкіндігі (Общий доступ к данному принтеру) командасының алдына белгі қою.
Барлық клиенттік компьютерлерде осы принтерге ену үшін оны желілік пронтер түрінде орнату керек. Бұл қарапайым принтерді орнату әдісімен орындалады, тек баптау барысында сәйкес Шебер терезесінде Желілік принтер (Сетевой принтер) батырмасын белгілеу қажет.




Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: