Желілік операциялық жүйемен жұмыс - конспект для урока

 
  • Рубрика:
  • Формат: zip
  • Просмотров: 151
  • Скачиваний: 6

Есептеу желілері операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негізгі желілік, операциялық жүйелерге NovellWare, Windows NT, OS/2, Warp Unix кіреді. Windows 95, 98 операциялық жүйелерінде құрамдас желілік құралдар бар.

Желілік операциялық жүйе пайдаланушыларға желілің бір компьютерінен басқасына файлдар көшіруге, желінің бір компьютерінен басқасында орналасқан деректерді өңдеуге, ал кейбір жағдайларда басқа компьютер жадында орналасқан программаны қосуға мүмкіндік береді.

Компьютерлік желілерді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

* ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;

* желінің бір ДК-сында сақталу есебінен бір ақпаратты қосарлау мүмкіндігінің жойылуы;

* ақпарат сақталуы сенімділігінің жоғарылуы;

* ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғауды жақсарту;

* ұйымның бөлімшелер және қызметкерлері мен арасында жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі.

Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: