Компьютерлік технология - конспект для урока

 
  • Рубрика:
  • Формат: zip
  • Просмотров: 182
  • Скачиваний: 4

Түсініктеме

Жұмыс оқу бағдарлама 0101000 - «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей міндетті түрде орындалуға тиіс Мемлекеттік стандартына сәйкес жасалынған.

Жұмыс оқу бағдарлама «Компьютердің технология» пәнінің дайындық деңгейі мен оның мазмұнының минимумына міндетті түрдегі қойылатын Мемлекеттік талаптарды іске асыруға және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы оқыту жұмыс жоспарын жасауға арналған негізі бағдарлама болып табылады.

Жалпы көлемі                                 - 72 сағат;

оның ішінде:

теориялық сабақтар                                 - 72 сағат;

тәжірибелік сабақтар                               - 72 сағат;

Сынақ

Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей білім берудің Мемлекеттік стандартына сәйкес 0101000 - «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы осы нағыз Типтік бағдарламаны іске асыру барысында 1 – емтихан,

Бақылау және сынақ жұмыстары пәнге берілген жалпы бюджет уақыты есебінен, ал емтихандар семестр аралығындағы аттестацияға берілетін уақыт есебінен өткізіледі.

Резервтік уақыт пәннің оқытылуына берілген жалпы сағаттың 5-7% пайызын құрайды да, ол ортақ мөлшерінен 6 сағат болады.

Бөлімдер мен тақырыптар және (немесе) кеңейтіліп оқыту үшін өзгертуі мүмкін (соның ішінде резервтік уақыт есебінен).

Тану және білу әрекеттері үшін ұйымдастырылған оқу формаларының тақырыптары мен оған бөлінген сағаттар саны кеңес ретінде берілген және оны білімдендіру мазмұнының минимумін сақтай отырып өзгертуге болады.   Жұмыс оқу бағдарлама 356 «Кәсіптік оқыту» мамандығы 12688 «Есептеу техникаларының бағдарламамен қамтамасыз етудегі техник - программист» саласының 2 – курсының төртінші семестрінде «Компьютерлік технология» пәнің оқытуға арнап жасалған.

Курсты оқытуда дербес компьютердің (ДК) құрылысы мен құрылымы, ЭЕМ-ның логикалық негізі, санау жүйесі, объектілік – бағыттық технология, интерфейс, меню түрлері, Windows-тың негізгі технологиялық механизмі, Windows қосымшаларымен бірлесіп жұмыс істеу, офистік программалар, деректер қоймасын басқару жүйесі және тораптық технология тақырыптары болып табылады.

Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: