Желілік операциялық жүйемен жұмыс

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Желілік операциялық жүйемен жұмыс
Есептеу желілері операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негізгі желілік, операциялық жүйелерге NovellWare, Windows NT, OS/2, Warp Unix кіреді. Windows 95, 98 операциялық жүйелерінде құрамдас желілік құралдар бар.
Желілік операциялық жүйе пайдаланушыларға желілің бір компьютерінен басқасына файлдар көшіруге, желінің бір компьютерінен басқасында орналасқан деректерді өңдеуге, ал кейбір жағдайларда басқа компьютер жадында орналасқан программаны қосуға мүмкіндік береді.
Компьютерлік желілерді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;
желінің бір ДК-сында сақталу есебінен бір ақпаратты қосарлау мүмкіндігінің жойылуы;
ақпарат сақталуы сенімділігінің жоғарылуы;
ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғауды жақсарту;
ұйымның бөлімшелер және қызметкерлері мен арасында жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі.
Компьютерлік желілерді аймақтық таратылу дәрежесі бойынша классификациялауға болады. Оларды ауқымды (глобальный), аймақтық (региональный) және жергілікті (локальный) желілер деп бөлуге болады.
Жергілікті желіге қосылған компьютерлер бір-бірімен мәлімет алмасу үшін арнайы бағдарламалық құралдар қажет.
Негізінде базалық желілік бағдарламалық құралдар операциялық жүйелер құрамына кіреді немесе операциялық жүйе сәйкес бағдарламалармен толықтырылуы мүмкін. Желілік қамтылған операциялық жүйеге Windows XP мысалға келтіруге болады.
Желімен жұмыс кезінде компьютер екі рольді атқара алады:
- Егер компьютер ақпараттар мен сервистерді желідегі басқа компьютерлерден алатын болса, онда мұндай компьютерлерді жұмыс станциясы деп атайды.
- Егер компьютер өзінің ақпараттары мен сервистерін желідегі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: