Жайықтың ақ шағаласы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

де сенің.
Тағы да жақын етем алысыңды,
Тағы да жырға қосам табысыңды.
Сен мені қызым деме, туған дала,
Қорғауға жарамасам намысыңды, - деген сияқты өлең жолдары - ақынның өмірлік кредосы.
1-жүргізуші: Ендігі кезекте поэзия әлеміне саяхат жасасақ.
1.
2.
3.
2-жүргізуші:
Өзінің балапан жырларын мектеп қабырғасында ұшырған Ақұштап ақын – бүкіл саналы өмірін поэзияға арнаған адам. Әдетте ақын творчествосы белгілі бір тақырыпқа бағышталады. Оның өлеңдерін бірнеше тақырыпқа бөлуге болады. Соның ішінде шоқтығы биік тұратыны – ана тақырыбы.
1-жүргізуші:
Ақынның 2001 жылы жарық көрген «Ақшағала» жыр кітабындағы «Аналар» топтамасының алғысөзі болып саналатын:
Үстелде жетімсіреп жатқан аз күн
Бетіне көз жасы тамған ақ қағаздың,
Тірілер құпаған соң сырымды, апа,
Бағыштап рухыңа хатқа жаздым, - деп басталатын жолдары анасын сағынған оқырманның мұңлы жүрегін жұбатар, сабырға салар, тәубеге келтірер сөздеріне балауға болады. Асылы, бұл тақырыпқа қалам тартпаған ақын кем де кем. Алайда Ақұштаптың ана тақырыбына жазған өлеңдері мүлде тың сипатта. Ақынның о дүниелік болған анасымен сырласу, сұхбаттасуы ерекше әсерлі.
1.
2.
3.
2-жүргізуші: Өлең дегенміз – адамдармен сырласудың құралы. Егер өлең адамды асқақ сезімге бөлемесе, жан дүниесін нұрландырып байытпаса, өмірді көріктендіріп ғашық қылмаса – өлең емес. Ақұштап өлеңдерімен әрбір оқырман өзіне қажетті сыр, тылсым ой түйіндеп жатады.
1-жүргізуші: Десек те біздер жастықтың сырын аз ұқтық.
Өмірдің жолы болмайды тегіс жазықтық.
Ісіңнен кейін есіңе сақта, жарқыным,
Жеңілмес мықты қаруың сенің – нәзіктік. – деп түйіндеп, нәзіктіктің әйел адамның бір асыл қасиеті екенін көрсете отырып, тәлім-тәрбие береді. Ақын жүрегі нәз

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: