«Жайықтың ақ шағаласы » атты ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш
Түрі: Поэзия кеші.
Көрнекілігі: ақын суреті, слайд, кітаптары.
1-жүргізуші: Қайырлы күн кұрметті көрермендер!
2-жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар мен оқушылар!
1-жүргізуші: «Жайықтың ақ шағаласы » атты поэзия кешіне қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Бүгінгі кешімізді өткізуге себепкер болып отырған халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жазушылар Одағының мүшесі, жерлес ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 70 жылдық мерейтойы. Осыған байланысты ақынның өмір жолына қысқаша шолу жасайық:
1944 жылы 28 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Ақжайық ауылында туған. 1961 жылы Орал қаласындағы С. Сейфуллин атындағы 11 орта мектепті бітірген.
1-жүргізуші: 1961-1966 ж аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология факультетінде оқып, жоғары білім алған.
1966-1971 ж Талдықорған облыстық «Октябрь туы», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер болып қызмет еткен.
1971-1972 жылдар аралығында «Қазақфильм» киностудиясында редактор болып еңбек еткен.
2-жүргізуші:
1972-1975 жылдары «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер.
1975-1981 жылдар аралығында«Жазушы»баспасының аударма редакциясында редактор болған.
А. Бақтыгереева 1969 жылдан бері Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
1-жүргізуші:
2007 жылы Қазақстан Жазушылар Одағы Батыс Қазақстан облысы филиалының төрайымы, «Қаламгер» әдеби бірлестігінің жетекшісі болып тағайындалды.
2005 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.
2008 жылы «Астанаға – 10 жыл» медалімен марапатталды және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері атанды.
2 жүргізуші.
«Ақын да да ақын бар айталатын» демекші, Ақұштап жырларында туған
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>