Жайықтың ақ шағаласы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

жерге деген махаббаты поэзиямен қауыштырар ерлік пен өрліктің көрінісіндей.
Жайық десе ойда Нарын өлеңі,
Сағынғанда еске аларым көп еді.
Жайық – Анам, Жайық – елім, Отаным,
Құшақтағым, аймалағым келеді, - деп перзенттік махаббатын айдай әлемге жария қылған, Ақұштап жырларының бастауы – күміс тасқыны Ақ Жайық.
1- жүргізуші:
Ақылдың ақылы Абай, ақыннның ақыны Мағжан бастаған қазақ поэзиясының көші терең де арналы Ақ Жайықтай болса, сол дарияға қырдан шапқылап келіп қосылған ақ бұлақ – Ақұштап өлең дариясына өз ағысымен, өз иірімімен келіп қосылады. Қазақ поэзиясына жүректен шыққан нәзік лиризм мен сананы сілкіндірер шыншыл сезім әкеп ажарландырған, көктемгі ақ жауындай түрлендірген де осы – Ақұштап Бақтыгереева. Жалғыз Отан – мекенім, – деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл-өсиет. Бұл ғақлияны әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп тақса да артық етпейді. Отанды сүюдің, оған құлай берілудің – асқақ үлгісі бұл.
2-жүргізуші: Ендеше ақынның Отанына, туған жері Ақжайыққа, қазақ еліне арнаған өлеңдеріне кезек берелік.


1-жүргізуші: Ән: . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2-жүргізуші:
Ақұштап – азамат ақын. Ол өзі өмір сүріп жатқан қоғамның өткені мен бүгініне көз жібереді. Азаматтық лирикасында әлеуметтік өмірдің кем-кетігін, тұрмыс-тауқыметін, жалпы қазақтың мұң-шерін жырлап, жоғын жоқтайды. Мәселен:
Енді мен ерлеріңмен теңдеспін,
Тисе деп шырылдаймын елге себім,
Ортайған теңізің мен өзеніңді
Ұлыңдай жоқтасамын мен

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: