Жақсылық жасай білейік

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5

ер. Алғысқа бөленіп, ризашылыққа кенелесіңдер.

Мақал – мәтелдерді жалғастырады.
1. Жақсы сөз – жан семіртер.
2. Кішіпейілдік кішілік емес, кісілік қасиет.
3. Жақсылық ағаш басында,
Жамандық аяқ астында.
4. Жамандық пайда етпейді,
Жақсылық зая кетпейді.
Жаңа ақпарат
«Адамдар бір – біріне қайырымдылық,
мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды».
Ойын – жаттығу
Жоғарыда айтылған ойды бекіте түсу мақсатында «Мейірімді жүрек» атты ойын ұйымдастыру.
Оқушыларға қатты қағаздан әдемі етіп жасалған түрлі кескіндердің ( гүлдің, жүрекшенің, көбелектің ) үлгісі таратылып беріледі. Әр оқушы қасындағы көршісінің жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып, сыйға тартады.
Жүректен жүрекке
Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім қолдан жасалған жүрекшені ұстап тұрып тілек айтып, өзінің оң жағында тұрған балаға ұсынады. Ол оқушы да жүрекшені ұстап тұрып тілек айтып, өзінің оң жағында тұрған көршісіне береді. Осылайша барлық балалар бір – біріне жақсы тілектер айтады.
Өлең оқиды.
Жақсылық жерде қалмайды
Е. Бағай
Жақынды, досты аяла,
Қанатың сонда талмайды.
Барыңды жұрттан аяма,
Жақсылық жерде қалмайды.
Жайдары жүзбен жарқыра,
Қатыгез олсаң – сол қайғы.
Қайырымды бол халқыңа,
Жақсылық жерде қалмайды.




Страницы: <<  <  3 | 4 | 5
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: