амдар бақытты өмір сүреді.
Тыныштық сәті
Балалардың денесі, ойы тынықтырылады.
Балалар денелерін түзу, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша екі минуттай отырады.
Тапсырма:
Балалар екі топқа бөлінеді. Екі топқа екі түрлі әңгімеден үзінді беріледі. Балалар әңгіме желісі бойынша туындаған оқиғадан шығу жолдарын іздестіруі тиіс. Олар топ боп бірлесе отырып, ойланып әңгімені өз ойларымен жалғастырып айтады.
I топ. Қарлығаш пен дәуіт.
Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі
балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды.
Қарлығаш жыланды көріп, қатты қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді. . . . . . . . . . . .
II топ. Аю мен тышқан.
Бір тышқан аңдаусызда аюдың апанына тап болып қалады. Одан адасып жүріп, аюдың құлағына кіріп кетеді.
Аю шошып оянып , құлағын баса қояды:
- Менің құлағым – сенің інің деп пе едің? – деп ақырады.
Өзіңді жақсылап сабайын ба?
- Сабамашы. Мен де бір керегіңе жарармын.
- Бармақтай болып, не керегіме жарармын дерсің, - деп күледі аю. Дегенмен босатып жібереді. ………….
1 – топ сахналап көрсетеді.
2 – топ оқып береді.
Дәйексөз Сабақтың дәйексөзімен таныстырады:
- «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» - деген екен халық.
Шамамыз жеткенінше, қолымыздан келгенше адамдарға, айналаға жақсылық жасап жүрейік. Өйткені жасаған жақсылық зая кетпейтінін, оның шарапаты өзіңе, жақын – туыстарыңа, тіпті еліңе тиетінін сендер жақсы білесіңд
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>