4 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы: «ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАЙ БІЛЕЙІК». 
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын. 
Халық мақалы
Мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. 
Міндеттері: 1. Жақсылық жасаудың адами қарым – қатынастағы мәнділігін түсіндіру. 
2. Жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту. 
3. Қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу. 
Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, компьютер, маскалар, гүлдер, көбелектер, жүректер. 
Түрі: Шығармашылық ізденіс сабағы
Әдісі: Әңгімелеу, пікір алысу, сұрақ – жауап, топпен жұмыс
Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңбер құрып тұрады, бір – бірімен сәлемдеседі. Мұғалім оларға шаттық шеңбері аясында өлең айтуды ұсынады. 
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Осы шеңбер аясында Ө. Ақыпбековтың «Өзіңді тану» өлеңін бірлесе қайталайық. 
Өзіңді тану
Ө. Ақыпбеков. 
 Жақсы болу – болу өзіңнен, «Мен қандаймын?» деп ойла,
 Жаман – болу өзіңнен. Өзіңді өзің қолыңа ал,
 Өзіңді өзің ая да, Өзіңсің – ақыл айнасы. 
 Өзің үйрен, өзіңнен. Тиеді саған мәні бар
 Жақсылық көрсең біреуден, «Өзіңді тану» пайдасы. 
 «Жақсы болу – өзіңнен, 
 Жаман болу - өзіңнен » , - деген өлең жолдары туралы қандай пікір айта аласыңдар?
 Ақынның «Жақсылық көрсең біреуден, « Мен қандаймын ?» деп ойла » деген сөзіне көзқарастарың қандай?
 Балалардың жауаптарын мұғалім толықтырады және сабақ тақырыбымен таныстырады. 
Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай, адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір – біріне жиі жақсылық жасауы, оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір – біріне деген сыйластығы артады. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : «Жақсылық жасай білейік» 
		
		
Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
		
		
	    
	
    