Жақсы мен жаман

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

ауаға шығады.
Жақсы бала ол анық.
Істемейді шалалық
Тап-таза болып жуынып,
Алады ол таранып.
Жаман бала құрысып,
Өз-өзіне тырысып,
Түске дейін жатады,
Шешесімен ұрысып.
Сөздік жұмыс:
Жақсы бала-ақылды, таза, ұқыпты жүретін бала.
Шалалық-жұмысын дұрыс жасамайды дегенді білдіреді.
Сергіту сәті
Біз кішкентай баламыз
Өсіп-өніп толамыз
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз
Қанат қағып ұшамыз
Қарлығаштай самғаймыз
Дидактикалық ойын: Дұрысын тап
Шарты: суреттегі ұқыпты бала мен ұқыпсыз баланың айырмашылығын табу керек.
- Балалар енді бәріміз мақал-мәтел айтайық.
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт-берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын - анаң қымбат,
Асқар тауың - әкең қымбат.

Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам Отанын сүйеді.

Итті тепкен ырысты тебеді.

Оқу - білім азығы,
Білім -ырыс қазығы.

Қолыңмен істегенді,
Мойныңмен көтер.

Жатқанға жан жуымас,
Жалқауға мал құралмас.
- Балалар, тәртіптілік пен әдептілік жайлы кім тақпақ біледі?
Нұрали:
Мен тәртіпті баламын,
Моншадан келгенде,
Суық суды ішпеймін.
Шалшық суды көргенде,
Бәтеңкемен кешпеймін.
Тұрысымен төсектен,
Сұрамаймын нанды да.
Үйге қонақ келгенде,
Көп мазаламаймын да.
Мен тілалғыш баламын,
Мен тәртіпті боламын.
Самира:
Міне, тағы бір жаман,
Бөбек үшін тым жаман.
Күйеге лас боялып,
Аузы басын былғаған.
Ханшайым:
Жақсы міне, азамат -
Бетін жуды тазалап.
Тіс ұнтағын тағы да ап,
Тісін жуды тазалап.
Салтанат:
Жалқау
Әй, жалқауым, жалқауым,
Босамасын арқауың.
Босаса да арқауың,
Оңай болар тарқауың.
Тарқадың ба, оңбайсың.
Жақсы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: