Ересек "Шұғыла" тобы
"Коммуникация" білім беру саласы бойынша сөйлеуді дамытудан ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Күні, айы, жылы:
Тақырыбы: Жақсы мен жаман (өлеңді жаттау)
Мақсаты: өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу, түсіндіру. Өлең жолдары арқылы жақсы мен жаманды ажырата білуін меңгерту. Балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, жақсы мен жаман туралы өз ойларын ашып айта білуге баулу. Мақал-мәтелдер, тақпақтарды жаттау арқылы баланың есте сақтауын, тілін дамыту. Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жақсы бала мен жаман баланың іс- әрекеттері туралы суреттер
Сөздік жұмыс: жақсы бала, шалалық.
Билингвальный компонент: жақсы- хорошо; жаман- плохо
Оқу іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Балалар күз туралы тақпақ айтайық.
Күз
Қарашы күз келді, күз келді,
Сары алтын жауапты іздерді.
Құс біткен керуен түзеді.
Көңілсіз неліктен күз енді.
Қара бұлт қабағын түйеді,
Бұталар боз қырау киеді,
Осы ма, осы ма күз деген,
Бақашаға баратын бізбенен.
Күз
Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
- Балалар, біз бүгін Рақым Тышқанбаевтың
"Жақсы мен жаман" деген өлеңімен танысамыз.
Балаларға өлеңді мәнерлеп, оқып беру. Жаттату.
Жақсы бала құлақ сап,
Айтқаныңды ұғады.
Төсегінен тұра сап,
Таза
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>