Сабақтың тақырыбы: Жасуша құрылысы
Сабақтың мақсаты:
1. Жасуша жайлы түсінік беру, жасушаның маңызын түсіндіру.
2. Оқушылардың шапшаңдығын, тез ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.
Сабақтың әдісі: көрнекі баяндау
Сабақтың барысы:
1. ұйымдастыру.
2. Жаңа сабақты түсіндіру.
3. Жасушаның ашылу тарихы. Ұлғайтқыш құралдар
Тірі ағзалардың ортақ белгісі - денесі жасушадан (клеткадан) тұрады. Кез келген тірі ағзаның тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші құрылымдық бөлшегі - жасуша. Көлемі кіші болғанымен, мыңдаған қосылыстар, жүздеген заттар жасушада ұдайы түзіліп, реакция тізбегіне қатысады. Жасушада тірі ағзаларға тән зат пен энергия алмасу, органикалық қосылыстардың түзілуі, өсу, көбею, тыныс алу жүреді.
Жасушаның ашылу тарихы микроскоптың шығуына байланысты. 1590 - 1610 жылдардың аралығында оптика шеберлері голландиялық әкелі - балалы Янсендер жарық микроскобын ойлап тапты. Микроскоп шыққаннан кейін өсімдік жасушасын зерттеу мүмкіндігі туды.
1665 жылы алғаш рет ағылшын ғалымы Роберт Гук өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған. Ол майда ұяшықтарды көріп, оны жасуша деп атаған. Әдетте біз жасушаны жай көзбен көре алмаймыз. Оның мөлшері миллиметрдің мыңнан бір бөлігімен өлшенеді. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінде денесі бір ғана жасушадан тұратын өте қарапайым ағзаларды біржасушалылар дейді. Біржасушалылар көпжасушалы ағзалар сияқты тіршілік етеді.
Микроскоптың құрылысы
Микроскоп (грекше: "микро" - ұсақ, "скопэ" - қараймын) - өте ұсақ заттарды 100 - ден 2 000 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал (1 - сурет)
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>