.
Микроскоптың негізгі бөлігі - үлкейтіп көрсететін әйнектері бар көру түтігі. Көру түтігінің жоғары жағына 2 линзасы (әйнек) бар окуляр (латынша: "окулус" - көз) кигізілген. Төменгі жағына бірнеше линзасы бар объектив (латынша: "объектум" - зат) орналасқан. Көру түтігінің екі жағында бұрандасы бар. Бұранда арқылы көру түтігі жоғары көтеріп, төмен түсіруге болатын тұтқаға (штативке) бекітіледі. Көру түтігінің дәл астында ортасы тесік заттық үстелше орналасады. Заттық үстелшенің астында жарық қабылдайтын айналмалы айнасы бар. Микроскоптың барлық бөлшектері орнықты тұру үшін табанға бекітіледі. Затты тек жарықтың көмегімен көретіндіктен жарық микроскобы деп аталады.
Көретін затты неше есе үлкейтетінін білу үшін окуляр мен объективте жазылған сандарды бір - біріне көбейтеді. Мысалы, окулярда 15, ал объективте 40ґ болса, 15ґ40 600 есе үлкейтеді.
Микропрепарат дайындау
скопқа қажетті құрал - жабдықтар: заттық әйнек (заттық шыны), жабын әйнек, су, сапты ине, тамызғы (пипетка). Кез келген затты микроскоппен қарау үшін алдымен препарат (микропрепарат) дайындайды. Ол үшін заттық шыныға тамызғымен 1 - 2 тамшы су тамызып, оған көретін затты салады. Үстін жабын шынымен жауып, заттық үстелшеге орналастырады да микроскоппен қарайды. Көретін затты еш уақытта сусыз қарауға болмайды. Өсімдік жасушасының ішкі құрылысын микроскоппен қарауға ең ыңғайлысы пияздың мөлдір қабығы - пияз өңі. Препарат жасауға аршылған пияз аламыз (2 - сурет). Оның шырынды қабатының дөңес жағынан жұқа мөлдір қабықшасын сылып аламыз. Препаратты микроскоппен қарағанда, бір - біріне тығыз орналасқан ұзынша пішінді жасушалар көрінеді. Жасушаның қабықшасы, цитоплазмасы мен ядросы анық көрінеді. Судың орнына йодтың судағы әлсіз ерітіндісін тамызса, ядросы қоңыр түсті болып
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>