Жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4

соның ішінде жасөспірімде, антисуицидтік, өмірге табандылық факторларының саны көп болса, оның "психологиялық қорғаныс" және өзіне деген ішкі сенімі мықты болса, оның антисуицидтік тосқауылы берік болады. Олар төмендегідей:
- Баламен қамқорлық қарым - қатынастарлы орнату;
- Зейінді тыңдаушы болу;
- Қатынаста шынайы болу, қорқынышты жағдай туралы байыпты және түсінікті сұрау;
- Психикалық ыңғайсыздық көзін анықтауға көмектесу;
- Барлық мәселелерді дұрыс шешу үшін сенім орнату;
- Балаға оның тұлғалық қорларын тануға көмектесу;
- Баланың осы шақта сәтті орнығуы үшін қолдау көрсетіңіз және болашақтағы бағытты анықтауға көмектесу;
Елдің ертеңі мен келешегінің дәнекері бұл біздің жас ұрпағымыз. Болашақты қалыптастыру жас ұрпақпен тікелей байланысты. Сондықтан біздің жастардың дені сау ұлағатты ұрпақ болып өсіп жетілуін қалыптастыру қажет.
Жастардың өз - өзіне қол жұмсауының алдын алу шараларының бірі, мектептерге психология пәнін енгізіп немесе мектепте психологтың аптасына екі, үш рет балалармен кездесу ұйымдастырып тұрақты түрде балалармен қарым - қатынас орнатса жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында жүргізілген тәрбие жұмыстары жақсы нәтижесін береді деген сенімдемін.





Страницы: <<  <  2 | 3 | 4
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: