Жақшалы өрнектер

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

жарын көрші ханға сыйлапты. . .

Ханның бұл шешіміне ел ішіндегі билер тағы наразы болады. Бірақ хан "Айтқан сөздеріне, әрине, таласым жоқ. Егер тыныш болса елмен елдің арасы, адал, сұлу жар табылар шамасы" деген екен

Уақыт зымырап өтіп жатады. Бір күні көрші елден суық хабар тағы келіп жетеді. "Уа ,алдияр, көрші хан, егер елдің тыныштығын қаласа, қасиетті туып-өскен жерінің бір бөлігін кесіп берсін " дейді. Мұндай сұмдықты естімеген хан ашуға мінеді. Бұл қорлыққа шыдамаған хан ойланбастан шешім айтады.

"Халқым менің! Қасиетті туған жердің топырағын, алтын кенін үшін көрші елге соғыс ашамын. Жиналыңдар бәрің де!" деп жарлық береді. Бұл жарлықты естіген билер "Ұлы әміршім, көрші хан жүйрігің мен жарыңды сұрағанда, ойланбастан беріп едің. Асылыңды үн-түнсіз бергенде, шағын жеріңді қорғағаның қалай?" дейді. "Менің жүйрігім мен жарымды көршіге үн-түнсіз бергенім, олар менің өз меншіктерім. Ал қасиетті жер-сонау ерте заманнан ата-бабаларымыздың кіндік қамы тамған, найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған халықтың жері. Туған жеріміз менің меншігім емес,ол келешек ұрпақтікі, елімдікі. Қасиетті ханның осы салмақты сөзі сол сәтте ел ішін аралап кетіпті,аңыз осылай аяқталады. Міне, содан бері біздің жеріміз атадан балаға мұра болып бізге жеткен екен. Балалар, ата-бабаларымыз ұрпағы үшін елін, жерін осылай қорғаған. Сендер де қасиетті жерімізді, елдік белгіміз - көк байрағымызды жоғары ұстаңдар!
Енді Отан дегенді қалай түсінесіңдер?

Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
1. "Отан - елдің анасы, ел - ердің анасы"
2. "Отан - оттан да ыстық. "
3. "Әркімнің туған жері - Мысыр шаһар. "
4. "Отансыз адам - ормансыз бұлбұлмен тең. "

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: