өліміндегі деректі толықтыру керектігін біле алатын боласыз.
Жазу стиліне, құрылымына уақыт бөліңіз. Мәселен, мақала мазмұны балалар туралы болса, онда архаизм, термин сөздер қосудың реті жоқ. Ал ғылыми мақалада ақпаратты ауызекі сөзбен жеткізе алмайсыз. Бұл үшін аудиторияның жасы мен көңіл-күйіне назар аударыңыз.
Мысалы, газетке шығатын мақала баяндау формасында, тым ғылыми емес болуы керек. Бірақ ауызекі сөздерді пайдаланбау керек. Ғылыми мақала эссе форматында
5 параграфтан тұратын ғылыми тілде жазылады.
Мақаланы өңдеңіз
Мақаланы жариялаудан бұрын, қайта оқып шығып, өңдеу керек. Егер уақытыңыз болса, бір күннен кейін жаңа деммен оқып, түзеткеніңіз жөн. Осы арқылы мақаланың қалай жазғыңыз келгенін және қалай жазып шыққаныңызды салыстырып, айырмашылығын байқайсыз. Көп жағдайда мақаланы дауыстап оқып көру керек. Сонда кейбір сөз тіркестері мен сөйлем құрылымының қатесін түзей аласыз.
Мәтіндегі орфографиялық және грамматикалық қателерді түзетіңіз.
Бұдан кейін мақаланың жалпы құрылымы дұрыс тұрғанына көз жеткізіңіз. Мән-мағына логикалық тізбекте дұрыс орналасқан ба? Ақпаратпен мүлдем таныс емес оқырманға бәрі де түсінікті болсын. Мақалада бір-біріне қайшы келетін пікір мен қате деректердің жоқтығын қадағалаңыз.
Егер мақала көңіл көншітпесе, белгілі бір тарауларын я түгелдей жұмысты қайта жазып шығыңыз. Мақала өзіңізге ұнамай жатса, мақалаңызды барынша талап-жігеріңізді аямай қайта бір қарастырып көріңіз.
Мақаланы қызықты етіңіз. Мәтінге сурет, диаграмма, видео, аудио материалдар қосыңыз. Осы арқылы мақаланы түсінікті әрі оқуға жеңіл етесіз.
Мақаланы жариялаңыз
Жұмысты аяқтаған соң мақаланы жариялайсыз, бірақ мәселе мұнымен біткен жоқ. Үнемі ілік іздеп отыратын трольдердің пікірін елемеңіз. Сіздің жазған еңбе
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>