аса үлкен мән беретініңізді көрсетіңіз. Сіздің қызығушылығыңызды көрген оқырман да мән бере бастайды. Тіпті оқырманның ой қорытуына, сараптауына мүмкіндік беретіндей етіп жазыңыз.
Ой талқылау кезеңі
Таңдалған тақырыпты зерттеңіз
Негіздерін біліңіз. Жазғалы жатқан мақалаңыздың жалпы сипатын ойластырыңыз. Бұл арқылы көп тақырыптың ішінде адаспай, айтқыңыз келген ойды жинақтауға мүмкіндік болады. Әрине, жазғыңыз келген тақырып төңірегінде ақпарат болмауы мүмкін, сондықтан тақырыпты білетін адамдардан, газет-журналдан, интернет басылымдарынан, кітаптардан іздеп, тапқан жағдайда оларға сілтеме беру арқылы қолдана аласыз.
Мұнда назар аударарлық бір мәселе - сіз тапқан ақпарат негізсіз, өтірік я толық емес болып шығуы мүмкін. Сондықтан іздеуді жалғастыра түсіңіз.
Сенімді ақпарат көздеріне жүгініңіз. Талқыланатын тақырыптың оң да, теріс те көзқарастарын жинақтап, оларды салмақтау арқылы сіз бұл салада маман бола аласыз.
Әрине, деректерді интернеттен табу оңай. Десе де, мұнда да көрегендік, тапқырлық қасиеттер керек. Ақпараттардың сілтемесіне өтіп, ғылыми деректер мен қайнарын қарастыруға ерінбеңіз.
Ақпаратты түрлі жолдармен беруге болады. Табылған ақпаратты мәтіндік нұсқада емес, кесте, диаграмма, суреттермен де беруге болады. Бастысы, оқырманға ақпараттың түсінікті болуы екенін естен шығармаңыз.
Мақаланы жазыңыз
Көлемін анықтап алыңыз. Жазбаны қай басылымға беретініңізге байланысты сөз санын, қанша парақ жазатыныңызды ойластырып алыңыз. Тақырыпты аша түсу үшін қаншалықты көп жазуыңыз керектігін анықтаңыз.
Мақаланың жоспары
Жазу алдында оның неден басталып, қалай аяқталатынын, негізгі бөлімде қандай мәселе айтылатынын белгілеп алыңыз. Егер жоспар құратын болсаңыз, мақаланың қай бөлімінде композициялық қате барын, қай б
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>