Сабақтың тақырыбы : Тілші сөйлеу мәдениеті /08. 11. 2016
08. 11. 2016/
Мақсаты: Үйірме мүшелерін тілші мамандығы туралы түсініктерін кеңейту.
Әдіс- тәсілдері : әңгімелесу,сұрақ-жауап,ой талқылау,өзіндік жұмыс
Барысы:
Тілші деген кім ? ой шақыру.
. . . . . . Олардың әрбірі кеше ғана"кім боламын" деген қиял жетегінде жүрсе, бүгінде мен елімнің нұрлы болашағы үшін"шындықты шағып айтатын", "кемшілікке төзбейтін", "жақсылықты нұрға балайтын", "ақыл ойдың алыбы" болсам деген нық сеніммен "қоғамдық ойдың көшбасшысы" атанатын қастерлі де қасиетті журналистика мамандығын таңдап отыр. . . . Алғашқы күннен-ақ әрбірінің ақ қағазға жамырай түскен қолтаңбаларынан үкілі үміттерінің алдамшы емес, адаспай жол тапқандарына қуандым. Өрендерімнің қаламының ұштарына ілінген пәк сезімдерінен бүгінгі қоғамның бет-бейнесін де, кемшілік тұстарын да тап басып, озбырлыққа төзгісі келмейтіндеріне әрі намысын елінің абыройы мен асқақтығы жолында ту етіп ұстайтындарына да көз жеткіздім. Сондықтан да күні ертең әрбірінің алып ақпарат айдынында өз жолдарын тауып, елінің ертеңінің нұрлы болашағының бүгіннен де биік болуы жолында талмай еңбек жасайтындарына сенемін. Қаламдарың қарымды, ойларың ұшқыр, сезімдерің сергек, көздерің көреген, армандарың асқақ болсын .
Жағдаяттар талдау
Сөйлеу мәдениеті дегеннен шығады, сөйлеу сәттерінде өзге тілдің бірер сөздерін ара-арасында қыстырып сөйлеу де аз емес. Бұл да көбінесе қалыпты жағдайға айналған сыңайлы. Бейнебір дәнекер сөздей ме, әлде сәндік айналымдағы сөз орамдары ма, шыны солай. Орынды, орынсыз пайдаланылады. Тіл шұбарлаудың бірер көрінісі ғана бұл.
Сөйлеу мәдениеті - қызыл сөзден қуырдақ қуыру емес. Сөйлеу мәдениеті елге, елдік мұраттарға қызмет
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>