Жас тілші

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

етеді. Бірлікті, ынтымақ пен жасампаздықты, меже еткен, тағылымды тірлікті толғауы тоқсан өмірдің тоқетері санаған ел мен жер осынау биік міндеттің төбесінен көріне алары хақ. Ата-бабалар тағылымы осыны меңзейді. Ата тарих, ана тіл солай деп тәмсіл етеді.











Сабақтың тақырыбы : Тілші сөйлеу мәдениеті / 10. 11. 2016 /

Мақсаты: Тілшінің сөйлеу мәдениеті туралы түсініктерін кеңейту.
Әдіс- тәсілдері : әңгімелесу,сұрақ-жауап,ой талқылау,өзіндік жұмыс
Барысы:
Кіріспе түсінік : Көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениетін жетілдіру
"Тіл мәдениеті дегеніміз - тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі. Сонымен қатар, ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы". "Тіл мәдениеті дегеніміз - сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық", - деп анықтама береді Н. Уәлиев өзінің "Сөз мәдениеті" атты еңбегінде.
Тіл байлығы - сөз байлығы. Ал сөз байлығы әр адамның лексикасындағы қолданылатын сөздердің санымен байланысты болғанымен, негізгі байлық - ой байлығы, сол сөздерді қиюластырып, әсем де әсерлі ой мұнарасын қалай білуде. Себебі сөзді көп біліп, бірақ оны орынды, ойлы, образды жұмсай алмасаң, одан не пайда? Ал сөзге көп мағына сыйғызып, әр сөздің парын, мән-мазмұнын, стильдік бояуын дөп басып беру ойлау қабілетімен, оның шығармашылық сипатымен ұштасып жатады. Ал ой байлығына жету үшін тіл дамуының кешегісі мен бүгінгісін, лексикалық қабаттың баю, толығу жолдарын, тілде пайда болған жаңа құбылыстардың өміршеңдігін, бір сөзбен айтқанда,

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: