Жарықтарды дәнекерлеу

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

Жұмыс орнын дайындау және ток пісіру құралдары мен аспаптарын қауіпсіздендіру жағдайда қолдану ережелерін оқушыларға түсіндіру.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру:
Жоспар бойынша бүгінгі сабақтың тақырыбы "Жырықтарды дәнекерлеу". Бүгінгі сабақта теория мен және практикалық операциялармен, жарықтарды анықтап, олардың пісіру әдістерін үйрету керек.

ІІ. Өткен тақырыпты тексеру. Сұрақ - жауап.
1). Диаметрі кіші тесіктерді пісіруді қалай жүргізеді?
- Жиектерді балқыта отырып, дөңгелектеп білікшеге балқытады, кейін бірінші білікшені екінші білікше үстіне қойып жабады.
2). Жамауларды қалай пісіреді?
- Жамауларды пісіру үшін алдын-ала тік төртбұрышты, дөңгелек немесе сопақ саңылаулар жасалады. Жиектерді саңылауға дайындайды, сол сияқты жамауларды кесіп алады, ию, жиектерді дайындады және соған келтіреді. Мұнда жамаулардың бұрыштары домалақтанған болуы керек, себебі жамауларды пісірген кезде сүйір бұрышты жарықтар пайда болады, ол жарықтар бұрыштан басталады.
3). Электрмен балқытып дәнекерлеудегі техника қауіпсіздігі.
- Жұмыстың алдында дәнекерлеуші жұмыс киімін қалыпқа келтіреді: ілгектерін түймелейді, арнайы бас киімі мен аяқ киімді,брезенттен тігілген қолғапты киеді. Пісіру доғасы тұрқы көздері мен көмекші жабдықтардың электр жүйесіне соқтықпайтындай болып дұрыс қондырылғанын тексеру қажет. Жұмыстың алдында зиянды газдармен уланбас үшін ауа алмастырушы желдеткіштің жұмыс жасауын тексеріп, оны қосу қажет. Өрттен сақтану үшін жұмыс орнынан тұтанғыш заттарды алыстатып жинаймыз. Жұмыстың басында пісіруші электр жалғауды, электродұстатқышты тексеру қажет. Пісіру аппараттардын корпустарын жерге жалғау, электркабелдерін аппаратпен жалғауды тексеру қажет. Аппараттың корпусында ток болса, аппаратты айрып қою керек

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: