Ы. АлтынсаринаатындагыРудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі
Рудненский социально-гуманитарный колледж имени И. Алтынсарин
 
 САБАҚ ЖОСПАРЫ  2
 Күні
 Топ
 09. 09. 2019
 ББМ -03
 Пән: Жаратылыстану негіздері және дүниетануды оқыту әдістемесі
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш сыныптардағы дүниетану курсының міндеті мен мазмұны. Дүниетану стандарттарына және дүниетану оқулығына шолу. 
Сабақтың мақсаты Білімділік: Оқытудың әдістері мен тәсілдері, табиғи көрнекі құралдармен жұмысты, дүниетану сабақтарында "әңгімелесу", "әңгіме" әдістерін қолдана білу. 
Дамытушылық : жаратылыстану ғылымдары жөніндегі түсініктері мен танымдық қызығушылықтарын дамыту. 
Тәрбиелік: бір - бірін бағалай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 
Көрнекілігі:бастауыш сынып оқулықтары,үлестірме материалдар. 
Әдіс-тәсіл:әңгімелесу,сұрақ-жауап. 
Байланыс:әдебиеттік оқу,жаратылыстану
САБАҚТЫ ЖҮРГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ
(негізгі және қажетті әдістемелік түсіндірмелер мен ұсыныстар)
 I. Ұйымдастыру кезеңі . Сабақта жоқ білімгерлерді түгендеу, сабаққа дайындап алу. 
 II. Өткен материалды қайталау. (білімді тексерудің әдістері мен түрлері) "Автор орындығы"әдісін қолдану. 
 1. Ауызша әңгімелесу арқылы сұрақ - жауап әдісін қолдана отырып жалпылай сұрау. 
 2. Жаратылыстану және дүниетану оқулықтарын салыстыру
 ІІІ . Жаңа сабақ. 
Лекция мәтіні:
Дүниетанудан сабақ беру әдістемесіне балалардың жас ерекшеліктеріне және дайындықтарына сәйкес дүниетану курсының мазмұнын әр тарау бойынша талдау кіреді. Әдістеменің міндеті-балаларға курстың мазмұнын қайткенде де тәуір әдіспен жеткізу керек деген сұраққа жауап береді. Дүниетану әдістемесі дидактика принциптеріне ,балалардың жаңа білім игеруінің психологиялық заңдыл
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
