кайсысының өз орны бар.
Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің азаюына, негізінен, антропогендік факторлар әсер етеді. Ондай факторларға шектен тыс аулау, тіршілік ететін орта жағдайларының өзгеруі, ретсіз жерсіндіру, судың, топырақтың ластануы және т. б. жатады.
Қазақстанда омыртқалы жануарлардың 835 түрі және омыртқасыздардың 100 мыңдай түрі кездеседі. Қазақстанда жануарларға арналған Қызыл кітап 3 рет (1978, 1991, 1996) жарық көрді.
2006 жылы Қазақстанның омыртқасыз жануарларға арналған Қызыл кітабы жарық көрді. Оған буылтық құрттардың -- 2, ұлулардың -- 6, шаянтектестердің -- 1, өрмекіштектестердің -- 2, жәндіктердің -- 85 түрі тіркелген (барлығы 96 түр). Қазір бұларға қоса жеке облыстардың Қызыл кітаптары жарық көре бастады. Мысалы, 2006 жылы республикамызда алғаш рет Алматы облысының жануарларға арналған Қызыл кітабы шықты. Бұл кітапқа облыс аумағында сирек кездесетін жануарлар тіркелген. Соңғы жылдары шығып жаткан жануарларға арналған Қызыл кітаптарда жеке түрлер 5 категорияға бөліп беріледі:
I -- жойылып кету қаупі төнген түрлер;
II -- саны күрт азайып бара жатқан түрлер;
III -- сирек кездесетін түрлер;
IV -- толық зерттелмеген түрлер;
V -- қалпына келтірілген түрлер.
Қызыл кітапқа енген түрлер заң жүзінде катаң қорғалады.
Жануарлар дүниесін қорғау заңдылығы
Жануарлардың белгілі бір тобын қорғау ертеден қолға алынып келеді. Қазақстан конституциясына сәйкес жануарлар дүниесі мемлекеттік меншікке жатады - бүкіл халықтың игілігі.
Жануарларды қорғау және тиімді пайдалану жөнінде заңдылықтары бірқатар қаулы қарарлармен анықталады. Солардың ішіндегі ең негізгілері: "Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы", 1981 ж Қазақстан республикасының заңы, республикалардың табиғатты қорғау туралы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>