Жануарларды қорғау адамзатты парызы
4 қазанда Дүниежүзілік жануарларды қоғау күнін тойлау шешімі 1931 жылы Флоренция-да өткен қоршаған орта мен табиғатты қорғау Халықаралық конгресінде қабылданды.
Бұл іс-шараның мақсаты
Жануарлардың ешбір түрін елеусіз қалдырмау;
Жануарлар мен адамдар арасындағы қарым-қатынас;
Өмірімізде жануарлардың маңызды орын алатынын мойындау;
Қоршаған ортаны бай қалпында сақтауда жануарлардың мол үлесі барын мойындау.
4 қазан күні жануарлардың қорғаушысы саналған католик әулиесі Франциск де Ассизскийді еске алу күні болатын. Күн белгіленгеннен бастап бұл мереке кең ауқымда аталып өте бастады. Шартараптағы түрлі мемлекеттер жануарларды қорғаудың халықаралық мейрамын өз деңгейінде өткізу үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырып өткізіп келеді. Жануарларды қорғап, сақтау үшін белгіленген бұл күннің мақсаты да жоқ емес. Қоршаған ортада саны азайып бара жатқан жануарлар мен аңдар, құстар мен басқа да тіршілік иелерінің көзін жоюға қарсылық көрсетіп, олардың жер бетінде сандары азайып кетпеуіне көңіл бөлу үшін бұл салада көптеген мамандар тер төгуде. Көптеген елдерде жануарларды қорғау басты назарда болса, енді бір елдерде олардың саны қараусыз қалғандықтан азаю үстінде.
Жануарлар дүниесі де биосфераның құрамдас бір бөлігі. Жануарлардың табиғатта және адам өмірінде маңызы зор. Олар табиғаттағы заттар мен энергия айналымында негізгі рөл аткарады. Қазіргі кезде жер бетінде жануарлардың 2 млн-нан астам түрі белгілі, олардың ішінде тек жәндіктердің ғана 1 млн-ға жуық түрі бар.
Жануарларды зиянды және пайдалы деп тек салыстырмалы түрде ғана жеке топтарға бөледі. Бұл ғылыми тұрғыдан алғанда дұрыс емес. Өйткені табиғатта мүлде зиянды немесе мүлде пайдалы жануар жоқ. Табиғаттағы тіршілік тізбегінде олардың әр
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>