ың дәнін жинау көп қиыншылық туғызды. Себебі тікендері қолға кіріп кетті. Тұқымы өте майда, гүлдерінің астында жасырынып тұрады.
6 сарамандық жұмыс
Екі жылдық зерттеу қорытындым бойынша, менің байқағаным, оның ерекшелігі, өсу аралықтарының ұзақтығы: гүлдеу кезеңі кей кездері бір айдан жоғары созылады, жемістері шілдеде,тамыздың ортасында одан да кейінірек піседі. Тамырымен қоректенеді. Жасыл желектің егінін жинау олардың бейімделген жері мен ауа райына байланысты болады.
ІІІ. Қорытынды
Табиғат - адамның ежелден бергі тіршілік етіп, өмір сүріп келген ортасы және мәңгілік мекен ете беретін алтын бесігі.
Мен осы жантақты зерттеу барысында кітапханалармен, интернетпен, табиғатпен байланыста болып, біраз нәрсе үйрендім.
Жантақ туралы ғылыми зерттеу жұмысымды қорытындылай келе,мақсат-міндеттерімді орындау барысында мынадай негізгі нәтижелерге қол жеткіздім:
1. Ауылдағы арамшөп ретінде өскен жантақ өсімдігінің өсу ерекшеліктерімен таныстым.
2. Жантақтың адам өміріне тигізетін пайдасын білдім.
3. Жантақтың емдік қасиеттерін таптым.
4. Жантақтың мал шаруашылығына да қажет екенін түсіндім.
Осы зерттеудің нәтижесінде халық енді арамшөп ретінде қарамай, оның емдік пайдалы қасиеттерін біліп, өз қажеттеріне пайдаланады деген сенімдемін. Жантақты көктей жинап алып, оны көлеңкеде кептіріп, емдік мақсатта және сүрлем дайындап, мал азығы ретінде қолданады деген үміттемін. Халық үшін не істедің дегенде, менің титтей де болса , тигізген пайдам болсын.
Еліміздің ертеңі біздер. Сондықтан болашақты ойлау бүгіннен басталады. Халқымыздың денсаулығы күшті, барыстай қайратты, арыстан- дай айбарлы болсын десек, шөптердің емдік қасиетін қолданайық, ағайын!
Қорытындылай келе
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 > >>