Жана жыл

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Жасыл шырша шақырады ертеңгілік.
Балалар залға көңілді ән-күймен жүгіріп кіреді.
Шыршаны айналып шеңберге тұрады.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар, ата-аналар және қонақтар! Міне көптен күткен қыс мезгілі де ортамызға келіп жетті. Ағаштар ақ көрпесін жамылды. Қыс айында бәріміз асыға күтетін тамаша бір мереке бар. Ол қандай мереке айтыңдаршы. Ол жаңа жыл мерекесі.
Жаңа жылды тойлау үшін осы әсем шыршаның жанында барлығымыз жиналып отырмыз.
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөліп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Әр қанаттан кең алқапқа жарайды.
Балалар қараңдаршы, шыршамыз қандай әсем, ойыншықтарымыз, моншақтарымыз қандай әдемі! Осы шыршаға арнап бір ән орындайық!
Ән «Жаңа жыл»
Ән орындап болғаннан кейін сиқырлы құмыра пайда болады.
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы бұл не? Ішінен түтін шығып жатыр. Қалай әдемі жарқырап тұр. Бұл жай құмыра емес, бұл сиқырлы құмыра. Егер мен қолыммен сипасам не болады екен? Ішінен сиқырлы джин шығады.
Джин: Сәлеметсіздер ме, балалар. Мен сіздерге ертегі әлемінен қонаққа келдім.
Балалар сендерде қандай мереке болып жатыр?
Ал енді айтыңдаршы сендер мені таныдыңдар ма?
Мен сиқырлы джинмын. Мен балалардың тілектерін орындаймын. Бірақ ол үшін сендер өз өнерлеріңді көрсетулерің керек.
Жүргізуші: Ендеше Джинн сіз біздің жаңа жыл мерекесін тойлаңыз. Балалар өз өнерлерін көрсетеді.
Тақпақтар: Сымбат, Әділ,Әделя.
Джинн: -Тамаша, тақпақтарың қалай тамаша. Балалар, сендер қыста қармен ойнағанды ұнатасыңдар ма?
Жүргізуші:Джинн, бірақ біздің ертеңгілігімізді қар жоқ. Біздің балалар қармен ойнағанды жақсы көреді. Сондықтан біздің бірінші тілегіміз аққала бізге келіп қар әкелсін.
Джинн: Жарайды, мен сендердің бірінші тілектерің

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: