ді орындаймын. Қане, бәрімізде көзімізді жұмамыз. 1,2,3 – айналамыз. Көзімізді ашамыз. Осы кезде музыка әуенімен аққала келеді.
Аққала: Сәлеметсіздер ме! Мені таныдыңдар ма? – Мен Аққаламын. Мен қардан жасалғанмын. Мен қармен ойнауды ұнатамын!Ойын: «Қар ату».
Аққала: -Балалар мен сендермен көп бола алмаймын, өйткені бұл жерде жылы, ал жылы жерде мен еріп кетемін. Аққала қоштасып кетеді.
Жүргізуші: Балалар айтыңдаршы Жаңа жылда бізге қапшығын құшақтап, ақ күмістей сақалы қасында аппақ жүзді қыз келеді.
Балалар: Аяз ата, Ақшақар.
Жүргізуші: Джинн, біздің екінші тілегіміз қазір осы залға Аяз ата мен Ақшақар келсе.
Джин: Қане, балалар, тағы да көзімізді жұмып айналамыз. 1,2,3 – айналамыз. Көзімізді ашамыз. Осы кезде музыка әуенімен түлкі мен қасқыр аяз атаның және ақшақардың киімін киіп кіреді.
Түлкі мен қасқыр: Сәлеметсіздер ме, балалар.
Түлкі: - Мен Аяз атамын, қасымдағы менің ақшақарым.
Қасқыр: Иә, балалар, бізді күтіп қалдыңдар ма? Біз шаршап орманнан келдік. Сендерге асықтық. Өйткені мұнда жаңа жыл мерекесі тойланып жатыр. Бәрін де жеп қойсам екен!
Жүргізуші: Балалар, тұратұрыңдар. Мұқият қараңдаршы бұлар кім өздері. Бұл екеуі кімге ұқсайды? Ақшақарда ақ етігі, жүзі аппақ болады. Аяз атада үлкен дорбасы арқасында болады. Сендер кімсіңдер?
Түлкі мен қасқыр: Бар, бар. Бізде сыйлықтар да бар, кәмпит бар. Егер бізге сендер шыршаны берсеңдер, біз сендерге сыйлықтар береміз.
Жүргізуші: Жоқ, шыршасыз қандай жаңа жыл? Біздің екінші тілегіміз. Аяз ата мен ақшақар қонаққа келсін. Джинн орындайсың ба?
Джинн: Әрине, балалар. Қасқыр мен түлкі бізбен мерекеде болсын. Ал қазір үлкен шеңбер құрып «Біздің шырша» әнін орындайық.
Аяз атамен Ақшақар кіреді. Балалармен амандасады.
Жүргізуші: Сіздер ұзақ жол жүріп келді
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>