Жабайы аңдар. Тиін

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

қамын.
Фатима:
Айласынан түлкінің
Алданса да қанша адам,
Ақылы бар баламын
Алданбаймын мен саған!
Аянұр:
Әппақ қоян, ақ қоян,
Сондай қорқақ, сақ қоян.
Біздің үйге тығылсаң
Сандығыма сап қоям
Дамир:
Қасқыр түнде ыр -р етсе
Ел шошиды ертеден.
Мылтығы бар әкемнің
Қорықпаймын мен сенен!
Санжар:
Аю қыстай үңгірде
Сорады май табанын.
Жазда бал жеп, ешкімге
Тигізбейді залалын!
Слайд көрсету "Жабайы аңдар"
-Тиінді кім көрді? Оларды қайдан көруге болады?
Тиін туралы слайд көрсету. Тиінннің дыбысын тыңдату. Жануарлардың дыбысын тыңдату.
Балаларға ойыншық тиінді көрсету.
-Тиін қайда өмір сүреді?
-Тиіндер қарағайлы орманда өмір сүреді. Тиіннің түсі қандай?
-Тиіннің түсі ақшыл сұр не жирен, қоңыр, қызыл сары. Жүні үлпілдек, қалың, құйрығы ұзын, құлағында шашағы бар. Тырнақтары ағашқа өрмелеп шығу үшін, қорегін ұстап тұру үшін ыңғайлы. Оның құйрықтары ағаштан-ағашқа секіру кезінде тепе-теңдікті сақтау үшін және аязды күні суықтан қорғану үшін қолданады. Қатты суықта құйрықтарын жамылып жатады. Ұясын ағаш басына, кеуесіне не жартас жарығына салады.
-Тиіндер қысқа қалай дайындық жасайды?
-Олар жаз, күз мезгілінде тоқ жүрсе де, қысқа дайындық жасайды. Ағаштардың жемістері мен жаңғақтарын, бүрлерін, саңырауқұлақтарды жинайды. ағаштардың ойық жерлеріне, қуыстарға, ағаш түбіне қазып көміп тастайды. Қыс түскенде басқа жануарлар мен құстар кездейсоқ тауып алады. Тиін - қолға тез үйретілетін жануардың бірі. Ол есте сақтау, жылдамдық, ептілік, аңғарғыштық сияқты қабілеттерге ие. Тиін адамға жақын аймақта өмір сүреді, өйткені тамақты үйдің қуыстарынан іздейді.
Ойын: "Көлеңке".
Қатар-қатар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: