Жаңартылған білім - заман талабы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ) халықаралық озық тәжірибені оқыту және оқу үдерісіне енгізу мақсатында өзінің оқу бағдарламасын өзгертті. Бағдарлама қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту тілі ретінде дамытуды және Қазақстанның мұғалімдері мен оқушыларына қолдау көрсетуді көздейді. Назарбаев Зияткерлік мектептері - мемлекет қаржыландыратын білім беру ұйымы. Ол Қазақстанның оқушыларын университетке түсуге дайындайтын және оларға әлемдік аренада бәсекелесу мүмкіндігін беретін әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесін құру мақсатында 20 мектептен тұратын қоғамдастық түрінде құрылған.
НЗМ инновациялық білім беру тәжірибесін, соның ішінде оқу бағдарламаларын, бағалауды енгізуге, мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру курстарын өткізуге және оқулық шығаруға жауапты. Көптеген инновациялар алдымен НЗМ мектептері желісінде енгізіледі. НЗМ мемлекет көлемінде барынша кеңінен пайдалануға арналған оқу бағдарламасы мен бағалау моделін бейімдеп шығарды. НЗМ өз тәжірибесін қазақстандық мектептерге тарату үдерісіне бастамашы болу үшін Білім және ғылым министрлігімен тығыз әріптестікте жұмыс істейді.
Қазіргі кезеңде білім беру ісіне жаңа сапалы деңгейге көтерілуіне кедергі келтіріп отырған проблемаларға мыналарды жатқызуға болады:
oo білім мазмұны бойынша: мұғалімнің ақпаратты оқушыға дайын (өңделген) күйінде бере салуы, оқушының пәндерді оқуда білімді жай ғана "қағып алуға" бағдарлануы;
oo оқыту үдерісіндегі қарым-қатынас бойынша: мұғалім мен оқушы арасында қатынасқа субъект-объект сипатының тән болуы, оқушының мұғалімді және оқулықты дайын оқу апаратынының көзі ретінде қабылдауынан енжар келуі;
oo оқыту нәтижелері бойынша: оқушы іс-әрекетінің репродуктивті деңгейі, оқушы игерген пәндік білім-біліктің сандық мөлшерін бағалануы.
Жаңартылғ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: