Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес қазақ тілі мен әдебиет са оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
Балабекова Жансая Төлеутайқызы,
Қарағанды қаласы,
82 ЖББО мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру үрдісінің өзіндік ұлттық үлгісі орнығып, жаңа мазмұндағы оқыту жүйесі қалыптасуда. Дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсаты көзделіп, әрбір ғылым саласында нақты өзгерістер енгізілуде. Мұндай түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру жүйесінің даму бағыттарын нақтылап, оны тың арнаға, жаңа сапаға қарай дамыту қажеттілігін міндеттейді. Ұстаздар үшін тың міндеттер: оқыту әдістемелерін саралап, ғылым табыстарын сын көзбен бағалау; өз іс-әрекетін, кәсіби шеберлігін жаңаша қалыптастырып, жаңаша ұйымдастыруды жолға қою. Еліміздің дамыған елдермен қатар тұра алатын терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, олармен білімі мен ғылымы теңесуі үшін маңызды істер атқару – ел мүддесі алдындағы парыз. Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, білім алушының танымдық қабілетін дамыту бүгінгі күні білім беретін әдіскерлердің жаңа бағытта еңбектенуі мен іскерлігін талап етеді. Әсіресе, қазақ тілін оқыту барысында шығармашылық іс-әрекет пен пәрменді ойлауды дамыту, белсенді оқыту әдістерін білім беру үрдісіне ендіру, білімді саналылықпен алу деңгейін көтеру – күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау, субъектінің өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі, ақыл-ойын дамытуы, яғни жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу оқытушылар алдына тың міндеттерді жүктеп, жаңашыл іс-әрекетке жетелейді. Білім алушы студенттерді осындай жаңа мақсаттар мен талаптарға негізделген біліммен қамту көзделеді. Сабақ барысында теориялық тұрғыдан ғылыми түрде ақпарат берілетіндіктен, оқушылардың өзд
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>