Қош келдің, Жаңа жыл! (2016 жаңа жылға арналған сценарий)
"Қош келдің, Жаңа жыл!"
Ертенгіліктің мақсаты: Балаларға "Жаңа жыл" мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету.
Білімділік: Жаңа жыл туралы айта отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
"Жұлдыздар" тобында!
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)
" " әні орындалады.
Тәрбиеші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдандар.
Ертегімде сан қилы
Қызық- Қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп бip шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге.
Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
(Мерекелік музыка ойналады. )
Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да:
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Қоян: Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын ме
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>